Олимпиада чемпионы Бақтияр Артаев тәртіпсіздіктер кезінде қамауға алынған «Дикий Арман» лақап атымен танымал Арман Жұмагелдиевті қамаудан босатуды сұрады.
— Арман Жұмагелдиев бауырым үшін жүрегім ауырады. Оның құқық қорғау органдарының қолына түсіп, қонақ үй қабырғасына сүйене кеп отырған суреті тордағы қайрансыз қалған көкжалдың сұсты бейнесін көзіме елестетті. Иә, оны жұрт қылмыскер, банды санайды. Арман – қасқыр жігіт. Жемін түзден тауып жейтін. Шамасы келсе түзден тапқанын жұртымен қақ бөлісіп жейтін. Оны білеміз. Алғаш пандемияның кесірінен жұрт бір жұтым ауаға қиналып, қынадай қырылған кезде егілген жұрттың қыстыққан дауысын алғаш естіген бөрінің бірі сол еді, — деп жазды Артаев.
Бақтияр Артаев Абайдың нақыл сөзін айтып, Арман Жұмагелдиев сияқты «бөрілердің» бостандықта еркін жүру керектігін жеткізді.
— Иә, жұрт Арманның небір жақсылығын біледі. Көбі айта алмайды. Ал Арман бауырыма сөйлеуге оның намазы, мұсылмандығы жібермейді. Солай! Ел күшеніп кейде жұрт ішінен кешегі Бақыткелдіні, Атабаны, Сары Алмасты іздегісі келеді. Оның қайыры не? Олар тірісіне соқыр болса? Біз СубханАллаһ, сондай жұртпыз ғой. Кешегі Шығыс Түркістан үшін жанын қиған Оспан батыр Исламұлын да өзі жұрты, өзі руласы өзгелермен қосылып алып, оны «банды» қылған. Айтпағым, тағы Армандай дала бөрілері өз басым үшін бостандықта емін-еркін жорық салуы сондай қажетті. Олардың әлі «қазақ баласына» еліне, жұртына жасар жақсылығы шаш етектен екені шын дүние. Шіркін, Абай атам: «Қазақтың өлгенің жаманы жоқ, тірісінің өсектен аманы жоқ» болғаны қалай? Айтпағым, Арман бауырыма бостандық сұраймын. Елінің бөрісі аман бол! — деді Артаев.
Иностранцы застряли на трассе в снегу
Достижения Независимости: как Туркестанская область реализует поручения президента
Более 100 автомашин получили подстанции скорой помощи в Карагандинской области
Новые газопроводы и сети: итоги газификации Казахстана за год
Презентация исторических романов "Жошы хан" и "Бату хан" состоялась в Семее
Трое сельчан замерзли в буран в ЗКО
Погода в Атырауской области начнёт стабилизироваться 15 декабря
"Актобе" вернулся на третье место ЧРК по футзалу перед новогодней паузой
Казахстанское кино показали в Норвегии
Казахстанцы стали есть больше рыбы: какие регионы лидируют по потреблению