Қазақстанда 17 мың азамат әскерге шақыртылды
Қазақстанда көктемгі әскерге шақыруға дайындық басталды. Жоспар бойынша 17 мыңнан аса азамат әскер қатарын толықтыру керек.
Қорғаныс министрлігі жас жігіттердің Отан алдындағы борышын өтеуге ниетін арттыру үшін бірқатар ұсыныс әзірлеген. Оған сай сарбаздың несиесі болса әскери міндетін өтеу барысында каникул берілуі мүмкін немесе әрқайсысына бірреттік ынталандыру ақысы төленеді.
Сондай-ақ сарбаздардың отбасы мүшелеріне коммуналдық төлемдерге жеңілдік беру тетігі бар.
Әскерге шақыртылғандардың 7 проценті денсаулығына байланысты Отан алдындағы борышын өтей алмайды. Ал міндетінен әдейі жалтарғандарға әкімшілік-қылмыстық жауапкершілік қарастырылған.
Мамандардың соңғы бес жылда саладағы құқық бұзушылықтар 39 процентке азайғанын айтты.
Что скажут прокуроры?
В Атырау на штрафстоянку отправили более 3 тысяч иностранных автомобилей
Объем регионального продукта Алматы вырастет до 70 трлн тенге
Депутат призвал разрешить гражданам тратить остатки ОСМС на лекарства