БҰҰ ядролық қақтығыс туралы мәлімдеме жасады
Біріккен Ұлттар Ұйымы ядролық қақтығыс мүмкіндігі туралы идеяның ақылға сыймайтынын айтты.
Бұл туралы ТАСС-қа дүниежүзілік ұйымның Бас хатшысының ресми өкілі Стефан Дужаррик мәлімдеді.
Осылайша, ол Ресей басшысы Владимир Путиннің Ресей Федерациясының тежеу күштерін жауынгерлік кезекшіліктің ерекше режиміне көшіру туралы бұйрығына түсінік берді.
Еске салайық, кеше Ресей президенті Владимир Путин Батыстағы агрессивті мәлімдемелерге жауап ретінде Ресей әскерінің тежеу күштерін ерекше режимге көшіруді тапсырған еді.
– НАТО-ның жетекші елдерінің жоғары лауазымды тұлғалары да біздің елге қарсы агрессивті мәлімдемелерге жол берді. Сондықтан мен қорғаныс министрі мен (РФ Қарулы Күштері) Бас штабы басшысына Ресей әскерінің тежеу күштерін арнайы бөлімшеге жауынгерлік кезекшілік режимге ауыстыруды тапсырамын, – деді Путин.
Президент Казахстана выступил с лекцией в Университете ООН в Токио
Пожарный пост открыли в поселке Терисаккан Кобдинского района
Долгострой достроили. Дольщики отметили это тоем и танцами
Токаев осмотрел Ситуационный центр Токио по чрезвычайным ситуациям
Кравец: В матче с "Динамо" у "Барыса" сработали все компоненты
Следственные действия по делу КазТАГ проводятся в строгом соответствии с законом - МВД
1,3 миллиона деревьев и кустарников будет высажено до 2030 года в Алматы