WBC финпирамидасының директоры ұсталды
Маңғыстау облысы бойынша Қаржы мониторингі агенттігінің аумақтық департаменті World Business Consulting компаниясына қатысты қаржы пирамидасын құру және оған басшылық ету фактісі бойынша қылмыстық істі тергеп жатыр.
World Business Consulting 2018 жылдан 2022 жылға дейін тұрақты сыйақы алуға уәде бере отырып, сенімді азаматтардың жарналарын қабылдады.
— Шын мәнінде, компанияда заңды кәсіпкерлік қызметтен тұрақты табыс болмаған, ал қатысушылардың сыйақысы кейінгі салымшылардың қаражаты есебінен қамтамасыз етілді, — деп хабарлады Қаржы мониторингі агенттігінің баспасөз қызметі.
Аталған қылмысты жасады деген күдікпен World Business Consulting компаниясының директоры Жеміс Жүгінбаева ұсталды.
Бұл қаржы пирамидасының қызметін агенттік өткен жылы Алматыда тоқтатқан болатын.
Следственные действия по делу КазТАГ проводятся в строгом соответствии с законом - МВД
1,3 миллиона деревьев и кустарников будет высажено до 2030 года в Алматы
Что скажут прокуроры?
В Атырау на штрафстоянку отправили более 3 тысяч иностранных автомобилей
Объем регионального продукта Алматы вырастет до 70 трлн тенге
Депутат призвал разрешить гражданам тратить остатки ОСМС на лекарства