Қайрат Сатыбалдыұлы екі айға қамалды
Нұр-Сұлтан қаласының мамандандырылған ауданаралық тергеу соты күдікті Қайрат Сатыбалдыұлына қатысты шешім шығарды.
— Нұр-Сұлтан қаласының мамандандырылған ауданаралық тергеу соты күдікті Қайрат Сатыбалдыұлына қатысты 2 ай мерзімге күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау шарасын санкциялады, — делінген хабарламада.
Қылмыстық процестік кодекстің 201-бабына сәйкес, сотқа дейінгі тергеп-тексерудің басқа деректерін жария етуге жол берілмейді.
13 наурызда Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет «Қазақтелеком» АҚ-ның лауазымдық өкілеттіктерін асыра пайдалану және қаражатын аса ірі мөлшерде ұрлау дерегі бойынша қылмыстық істі тергеп жатқанын хабарлаған. Кейін бұл қылмыстарды жасады деген күдікпен Қайрат Сатыбалдыұлы ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Айта кетейік, Олжас Бектенов Қайрат Сатыбалдыұлының Алматы әуежайының аумағында ұсталғанын және Дубайға ұшуды жоспарлағанын растап отыр.
О чем договорились Казахстан и Япония
«Цифровизация рынка труда: платформу мониторинга рабочих мест внедрили в Казахстане
Президент Казахстана выступил с лекцией в Университете ООН в Токио
Пожарный пост открыли в поселке Терисаккан Кобдинского района
Долгострой достроили. Дольщики отметили это тоем и танцами
Токаев осмотрел Ситуационный центр Токио по чрезвычайным ситуациям
Кравец: В матче с "Динамо" у "Барыса" сработали все компоненты