Білім және ғылым вице-министрі тағайындалды
Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысымен Ғани Бектайұлы Бейсембаев ҚР білім және ғылым вице-министрі қызметіне тағайындалды. Бұл туралы ҚР Премьер-Министрінің Баспасөз қызметі хабарлады.
Ғани Бейсембаев 1969 жылы Қызылорда облысында дүниеге келген. Абай атындағы Алматы мемлекеттік университетін бітірген.
Еңбек жолын 1986 жылы Шиелі аудандық мәдениет бөлімінің автоклуб меңгерушісі қызметінен бастаған.
1989-1990 жылдары — қазақ тілі мұғалімі. 1990-1995 жылдары — орта мектепте директордың оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасары.
1995-1997 жылдары — орта мектеп директоры. 1997-2000 жылдары — ҚР БҒМ Ы. Алтынсарин атындағы Қазақ білім академиясы президентінің ғылыми хатшысы, кеңесшісі.
2000-2001 жылдары — Қапшағай қаласы білім бөлімінің басшысы. 2001-2006 жылдары — қосымша білім беру орталығының директоры.
2006-2020 жылдары — халықаралық білім беру орталығының бас директоры. 2006-2007 жылдары — техникалық-экономикалық колледж директоры. 2020 жылы ҚР БҒМ «Оқулық» республикалық ғылыми-практикалық орталығының директоры болды.
2020 жылғы желтоқсан айынан бастап қазіргі уақытқа дейін ҚР БҒМ Ы. Алтынсарин атындағы ұлттық білім академиясының президенті болды.
Иностранцы застряли на трассе в снегу
Достижения Независимости: как Туркестанская область реализует поручения президента
Более 100 автомашин получили подстанции скорой помощи в Карагандинской области
Новые газопроводы и сети: итоги газификации Казахстана за год
Презентация исторических романов "Жошы хан" и "Бату хан" состоялась в Семее
Трое сельчан замерзли в буран в ЗКО
Погода в Атырауской области начнёт стабилизироваться 15 декабря
"Актобе" вернулся на третье место ЧРК по футзалу перед новогодней паузой
Казахстанское кино показали в Норвегии
Казахстанцы стали есть больше рыбы: какие регионы лидируют по потреблению