
Өзбекстаннан Қазақстанға құны 70 млн теңге болатын заңсыз автокөлік әкелуге тырысқандар ұсталды. Бұл туралы Ұлттық қауіпсіздік комитеті хабарлады.
Шекарашылар үш жүк көлігін ұстаған, олардан құжаттары жоқ алты автомобиль табылды.
— Контрабандалық сауда жасағаны үшін Қазақстан азаматтары ұсталды, — деп хабарлады ҰҚК баспасөз қызметі.
Бұған дейін Ташкент халықаралық әуежайындағы кеденшілер валютаны шетелге заңсыз шығаруға тырысқан екі қызды ұстаған еді.