КХДР континентаралық және АҚШ-тың ірі қалаларына шабуыл жасай алатын баллистикалық зымыран ұшырды.
КХДР бейсенбіде Ким Чен Ынның тікелей бұйрығымен Хвасон-17 құрлықаралық баллистикалық зымыранын сынағанын растады.
Сынақ барысында зымыран максималды ұшу биіктігі 6248 км болды. Зымыран ауада 71 минут болған.
Ким Чен Ын «Ұлттық қорғаныс күштері кез-келген әскери қауіп-қатерге қарсы тұра алатын үлкен әскери-техникалық мүмкіндіктерге ие болады және АҚШ-пен ұзақ уақытқа қарсыласуға дайын болады» деп атап өтті.
КХДР биылғы жылы зымырандарын 12-ші рет ұшырып отыр. «Хвасон-17» — бұл теориялық тұрғыдан екі-үш ядролық оқтұмсықты көтере алатын үш сатылы зымыран. Бұл арқылы КХДР АҚШ–тың ең ірі қалаларына бір уақытта шабуыл жасай алады.
Следственные действия по делу КазТАГ проводятся в строгом соответствии с законом - МВД
1,3 миллиона деревьев и кустарников будет высажено до 2030 года в Алматы
Что скажут прокуроры?
В Атырау на штрафстоянку отправили более 3 тысяч иностранных автомобилей
Объем регионального продукта Алматы вырастет до 70 трлн тенге
Депутат призвал разрешить гражданам тратить остатки ОСМС на лекарства