ҚР Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров биыл зейнетақы мен кейбір жәрдемақы түрлері тағы 9 пайызға индексацияланатынын мәлімдеді, деп хабарлайды Орда kz.
Журналистер министрден қандай жәрдемақылар мөлшері өсетінін нақтылады.
«Негізінен, бұл зейнетақы мен кейбір жәрдемақылар. Шамамен 9 пайызға индексацияланады» деп жауап берді Қуантыров.
Сондай-ақ, Қуантыров зейнетақы мен жәрдемақы мөлшерлемесі қашан өсетінін нақтылап кетті.
«Бюжет нақтыланып, мәжіліс пен сенаттың қарауынан өтеді. Кейін президент «республикалық бюджет туралы» заңға қол қояды. Одан кейін оны іске асыру жайлы қаулы қабылданады» деді министр.
Оның айтуынша, шамамен маусым-шілде айларында зейнетақы мен жәрдемақы өседі.
Еске салсақ, бұған дейін үкімет 2022 жылға арналған макроэкономикалық көрсеткіштер мен бюджеттік параметрлер болжамын нақтылады. Оған сәйкес, инфляция дәлізі 8-10%-ға дейін көтерілді.
Инфляция дәлізінің өзгеруіне байланысты әлеуметтік төлемдерді индекстеуге қосымша 110 млрд теңге бөлінеді.
О чем договорились Казахстан и Япония
«Цифровизация рынка труда: платформу мониторинга рабочих мест внедрили в Казахстане
Президент Казахстана выступил с лекцией в Университете ООН в Токио
Пожарный пост открыли в поселке Терисаккан Кобдинского района
Долгострой достроили. Дольщики отметили это тоем и танцами
Токаев осмотрел Ситуационный центр Токио по чрезвычайным ситуациям
Кравец: В матче с "Динамо" у "Барыса" сработали все компоненты