Президенттің баспасөз хатшысы Руслан Желдібай facebook парақшасында Михаил Козачковтың ісі туралы жазды.
Оның айтуынша, президенттің атына тергеу жұмыстарына орай бірқатар медиа қоғамдастық өкілі үндеу жолдаған.
– Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың атына журналист Михаил Козачковқа қатысты жүргізіліп жатқан тергеу жұмыстарына орай бірқатар медиа қоғамдастық өкілі үндеу жолдады. Осыған байланысты бұл іс Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тек құқық шеңберінде қаралуға тиіс екенін атап өту қажет. Бас прокуратура тергеудің заңдылығын қадағалауды қамтамасыз етуге және заңнамада белгіленген тәртіппен қажетті түсініктемелер беруге міндетті. Қазақстан азаматы ретінде ұсталған журналистің барлық заңды құқығы толық сақталуға тиіс, – деді президенттің баспасөз хатшысы.
Еске салайық, 18 желтоқсан күні журналист Михаил Козачков ұсталған еді. Козачковқа ұйымдасқан қылмыстық топпан бірге кәсіпкерлердің бизнесін тартып алуға көмектесті деген айып тағылды.
Следственные действия по делу КазТАГ проводятся в строгом соответствии с законом - МВД
1,3 миллиона деревьев и кустарников будет высажено до 2030 года в Алматы
Что скажут прокуроры?
В Атырау на штрафстоянку отправили более 3 тысяч иностранных автомобилей
Объем регионального продукта Алматы вырастет до 70 трлн тенге
Депутат призвал разрешить гражданам тратить остатки ОСМС на лекарства