2012 жылы «Арқанкерген» шекарасында 15 адамды өлтірді деген айыппен сотталған Владислав Челах Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевқа хат жазып, болған жағдай туралы куәлік беруге дайын екенін мәлімдеді.
Азаттық мәліметінше, өмір бойына бас бостандығынан айырылған Челах Тоқаевтан өзін тыңдауын сұрады.
– Құрметті президент, көп жыл өтсе де қайғылы оқиға жайлы қайта айтуға дайынмын. Менің бар сұрарым, мені тыңдап, маған мүмкіндік берсеңіздер. Қалай болғанын айтқым келеді және бәрін айтуға дайынмын. Тергеушілерге де бәрін айтуға дайынмын. Оқиғаның қалай болғаны сол күйі ашылмай қалды, – деп жазды Челах президентке хатында.
Еске салайық, 2012 жылдың мамыр айында Алматы облысындағы «Арқанкерген» шекара бекетінде 14 шекарашы мен бір қорықшының мәйіті табылды. Бірнеше күннен кейін қанды қырғынды мойындаған «Арқанкерген» шекарашысы Владислав Челах анықталды. Тергеу мәліметінше, Челах алдымен сарбаздарды атып, кейін казарманы өртеп жіберген.
Предпринимателя оштрафовали за незаконную добычу глины в СКО
Парень с показа Pierre Cardin служит в Нацгвардии
Алматы и Астана сохранили лидерство по числу сделок с жильем
Там, где живут грациозные птицы
Важное значение: эксперт подвел итоги участия Токаева в саммите «БРИКС плюс»
ВИА снова в тренде
От вымогательств до сбыта наркотиков: деятельность 22 преступных групп пресекли в Казахстане
День танкиста: в ВС Казахстана совершенствуют подготовку экипажей с учетом современных условий боя
«Торопыжки» в борьбе за жизнь. Как в Актобе выхаживают самых маленьких пациентов