Қызылорда облысында жаңа ЖЭО салынады
Қызылорда облысына жұмыс сапарымен келген премьер-министр Әлихан Смайылов жалпы қуаты 197 мың тоннадан асатын «Orda Glass Ltd» шыны өндіру зауытының жұмысымен танысты және 67 МВт электр қуаты мен 341 Гкал/сағ жылу энергиясын өндіретін ЖЭО-да болды.
Сондай-ақ ол оңтүстік өңірлерді үздіксіз қуат көздерімен қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін жалпы қуаттылығы 240 МВт және 277 Гкал/сағ болатын жаңа жылу электр орталығының құрылыс жобасымен танысты. Шетелдік инвестициялар есебінен іске асырылып жатқан жобаны 2025 жылы пайдалануға беру жоспарланып отыр.
Үкімет басшысы жұмыс істеп тұрған ЖЭО өткен ғасырдың 60-жылдары салынғандықтан, тозығы жеткенін атап өтті. Сонымен қатар Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша 2025 жылға дейін оңтүстік өңірлерде бу-газ қондырғыларын салу бойынша бірқатар жоба іске асырылады.
— Ел экономикасы дамуымен қатар өнеркәсіптік және әлеуметтік нысандар да көптеп іске қосылуда, сондықтан қосымша энергия көздерін жедел іске қосу қажет. Осы міндеттер аясында Қызылорда облысында жаңа ЖЭО салынады. Бұл жобаны да уақытылы аяқтау керек, — деді Смайылов.
Предпринимателя оштрафовали за незаконную добычу глины в СКО
Парень с показа Pierre Cardin служит в Нацгвардии
Алматы и Астана сохранили лидерство по числу сделок с жильем
Там, где живут грациозные птицы
Важное значение: эксперт подвел итоги участия Токаева в саммите «БРИКС плюс»
ВИА снова в тренде
От вымогательств до сбыта наркотиков: деятельность 22 преступных групп пресекли в Казахстане
День танкиста: в ВС Казахстана совершенствуют подготовку экипажей с учетом современных условий боя
«Торопыжки» в борьбе за жизнь. Как в Актобе выхаживают самых маленьких пациентов