Қамаудағы кәсіпкер Қайрат Боранбаев елден қашуға тырыспағанын айтты.
Астанада өткен сот отырысының үзілісінде журналистер Қайрат Боранбаевтан елден қашу әрекеті туралы қауесет барын айтып, сұрақ қойды.
– Бұл теріс ақпарат. Мен ол уақытта кездесуде болдым, әдеттегі жұмыс күнім еді. Кешкі сағат бесте қамалдым. Бейжіңнен қола жүлдемен оралдық. Түнде Ригаға ұшуды жоспарладым. Мен неге қашуым керек? Мен осында туып-өстім, әкем осында жерленген, анам осында, бизнесім де осында. Мен қайда қашуым керек? – деді Боранбаев.
Боранбаевтың айтуынша, бұл рейс жоспарланған. Сотқа оның адвокаттары бұл бір айға жоспарланған жұмыс сапары екендігі туралы барлық құжаттарды ұсынды.
Еске салайық, 30 желтоқсанда Астанада Қайрат Боранбаевқа қатысты сот талқылауы басталды. Журналистер сот залына кірді.
Предпринимателя оштрафовали за незаконную добычу глины в СКО
Парень с показа Pierre Cardin служит в Нацгвардии
Алматы и Астана сохранили лидерство по числу сделок с жильем
Там, где живут грациозные птицы
Важное значение: эксперт подвел итоги участия Токаева в саммите «БРИКС плюс»
ВИА снова в тренде
От вымогательств до сбыта наркотиков: деятельность 22 преступных групп пресекли в Казахстане
День танкиста: в ВС Казахстана совершенствуют подготовку экипажей с учетом современных условий боя
«Торопыжки» в борьбе за жизнь. Как в Актобе выхаживают самых маленьких пациентов