Мәжіліс отырысы барысында депутат Бақытбек Смағұл, үкімет басшысы Әлихан Смайыловтан Кенесары ханның бас сүйегі мен мылтығын Қазақстанға қайтару мәселесін қарауды сұрады, деп хабарлады Exclusive.kz.
«2021 жылы географиялық қоғам ұйымдастырып, Қазақстаннан арнайы барған комиссия және мамандар, Ұлы ханның бас сүйегі мен мылтығын сәйкестендіру жұмыстарымен айналысты. Тарихи, антропологиялық, мұражайлық және мұрағаттық зерттеулер кешенінің қорытындысында мылтықтың ханға 100 пайыз тиесілі екені, ал бас сүйек Кенесары ханның бас сүйегі екендігіндегі сәйкестік 90 пайыздан жоғары екені анықталды. Сондықтан Әлихан Асханұлы әділетті Қазақстанда тарихи әділдікті қалпына келтіру мақсатында Кенесары ханның сүйегі мен мылтығын Қазақстанға қайтарып, хан сүйегін Астанадағы Ұлттық пантеонда жерлеуді, ал мылтықты Ұлттық мұражайға тапсыруды ұсынамын және осыған қолдау білдіруіңізді сұраймын», – деді депутат Бақытбек Смағұл.
Айта кетейік, қазіргі уақытта Кенесары ханның бас сүйегі Мәскеудегі этнографиялық мұражайда уақытша сақтаулы тұр.
Бұған дейін де қазақтың Кенесарының бас сүйегін Ресейден қайтарып алу мәселесі талай көтерілген еді.
О чем договорились Казахстан и Япония
«Цифровизация рынка труда: платформу мониторинга рабочих мест внедрили в Казахстане
Президент Казахстана выступил с лекцией в Университете ООН в Токио
Пожарный пост открыли в поселке Терисаккан Кобдинского района
Долгострой достроили. Дольщики отметили это тоем и танцами
Токаев осмотрел Ситуационный центр Токио по чрезвычайным ситуациям
Кравец: В матче с "Динамо" у "Барыса" сработали все компоненты