Қазақстанның экс-президенті Нұрсұлтан Назарбаев «құрметті сенатор» атағынан айырылды. Бұл туралы Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев мәлімдеді.
Азаттық тілшісінің сұрағына жауап берген Сенат төрағасы Ертең тұңғыш президент туралы заңның күші жойылатынын айтты.
– Осыдан екі-үш апта бұрын сенаттың регламентіне тиісті өзгерістер енігзілді. Сол кезде құрметті сенатор атағын регламенттен алып тастадық. Қазір бізде ондай институт жоқ. Шешім қабылдаған себебіміз – былтыр маусымда өткен референдумда Конституциядан тұңғыш президент елбасына қатысты нормалар алынып тасталды. Бұл халықтың шешімі. Ертең тұңғыш президент туралы заңның күші жойылайын деп жатыр. Конституциялық соттың тиісті шешімі бар. Соны ескеріп, біз де регламенттен алып тастағанбыз. Сол себепті бұл жерде ешқандай сұрақ болуы мүмкін емес, – деді Әшімбаев.
Оның айтуынша, бұл – халықтың шешімі. Ол сондай-ақ құрметті сенатор атағы тек бір адамға берілгенін түсіндірді. Бұл атақ Парламенттің жоғарғы палатасының регламентінен толығымен алынып тасталды.
Предпринимателя оштрафовали за незаконную добычу глины в СКО
Парень с показа Pierre Cardin служит в Нацгвардии
Алматы и Астана сохранили лидерство по числу сделок с жильем
Там, где живут грациозные птицы
Важное значение: эксперт подвел итоги участия Токаева в саммите «БРИКС плюс»
ВИА снова в тренде
От вымогательств до сбыта наркотиков: деятельность 22 преступных групп пресекли в Казахстане
День танкиста: в ВС Казахстана совершенствуют подготовку экипажей с учетом современных условий боя
«Торопыжки» в борьбе за жизнь. Как в Актобе выхаживают самых маленьких пациентов