Бүгін елордада Парламент палаталарының бірлескен отырысы өтті. Парламент экс-президент Нұрсұлтан Назарбаевты ерекше мәртебесінен айыруды мақұлдады, деп хабарлайды Exclusive.kz.
Мәжіліс пен Сенат жұма күні парламенттің бірлескен отырысында екі оқылымда «Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы туралы» Конституциялық Заңның күші жойылды деп таныды.
Осылайша, экс-президент пен оның отбасы мүшелері барлық артықшылықтардан айырылады.
Нұрсұлтан Назарбаевқа Қазақстанның бұрынғы президенттері үшін Конституцияда көзделген артықшылықтар қолданылады.
Әділет министрі Азамат Есқараевтың сөзінше, Назарбаев үшін қол сұға алмаушылықтың барлық кепілдіктері сақталады. Сондай-ақ тұңғыш президенттiң ар-намысы мен қадiр-қасиетіне ешкім қол сұға алмайды.
Еске салайық, 28 желтоқсанда Мәжіліс депутаттары экс-президент Нұрсұлтан Назарбаевты «Елбасы» мәртебесінен айыратын заң жобасын қарауына алды. Бұл норма «Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы туралы» конституциялық заңының күшi жойылды деп тану туралы» конституциялық заңының жобасында жазылғаны белгілі.
Предпринимателя оштрафовали за незаконную добычу глины в СКО
Парень с показа Pierre Cardin служит в Нацгвардии
Алматы и Астана сохранили лидерство по числу сделок с жильем
Там, где живут грациозные птицы
Важное значение: эксперт подвел итоги участия Токаева в саммите «БРИКС плюс»
ВИА снова в тренде
От вымогательств до сбыта наркотиков: деятельность 22 преступных групп пресекли в Казахстане
День танкиста: в ВС Казахстана совершенствуют подготовку экипажей с учетом современных условий боя
«Торопыжки» в борьбе за жизнь. Как в Актобе выхаживают самых маленьких пациентов