Қазақстан құрамасы қысқы Универсиададағы алғашқы ойынын өткізді. Оңтүстік Корея құрамасына қарсы ойында біздің хоккейшілер 5-1 есебімен жеңіске жетті, деп хабарлайды Exclusive.kz.
Қазақстан құрамасының сапында Алдияр Нұрлан, Максим Мусоров, Кирилл Полозов және Максим Мұхаметов шайба салды. Хоккей құрамасындағы спортшылар Қазақ спорт және туризм академиясының студенттері. Қазақстандықтар В тобында өнер көрсетіп, Ұлыбритания, Венгрия, Словакия және АҚШ командаларына қарсы ойнайды.
Қысқы Универсиадада 78 спортшы спорттың 10 түрі бойынша Қазақстанның намысын қорғайды: биатлон, хоккей (ерлер), шорт-трек, мәнерлеп сырғанау, шаңғы жарысы, шаңғы қоссайысы, трамплиннен секіру, конькимен, сноуборд, тау шаңғысы спорты.
XXI Дүниежүзілік Қысқы Универсиада 12-22 қаңтар аралығында Американың Лейк-Плэсид қаласында өтеді. Қазақстандық спортшыларға ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек сәттілік тіледі.
«Цифровизация рынка труда: платформу мониторинга рабочих мест внедрили в Казахстане
Президент Казахстана выступил с лекцией в Университете ООН в Токио
Пожарный пост открыли в поселке Терисаккан Кобдинского района
Долгострой достроили. Дольщики отметили это тоем и танцами
Токаев осмотрел Ситуационный центр Токио по чрезвычайным ситуациям
Кравец: В матче с "Динамо" у "Барыса" сработали все компоненты
Следственные действия по делу КазТАГ проводятся в строгом соответствии с законом - МВД