
Шымкенттегі 35748 артиллерия дивизионының жауынгері Самрат Тыныштықбай жындыханаға жатқызылды.
КТК арнасының мәліметінше, Самрат Тыныштықбай былтыр көктемде Қызылорда қаласынан ғана әскерге алынған. Соңғы күндері сарбаздың мінез-құлқы өзгерген. Самраттың туыстары бұл әскердегі әлімжеттіктің кесірі болуы мүмкін екенін айтады.
– Күдігіміз бар, ұрған болуы керек. Әйтпесе екі күнде ол бүйтіп жынды адам құсап қалмайды ғой. Жынды адам сияқты боп қалған. Оны қорқытыпүркітіп, ұрып-соғып, соны білдірмейтін қылған. Жаңа біреу «психотроп зат салып жіберуі де мүмкін» деді. Сап-сау баланы екі күннің ішінде әскери бөлім психауруханаға жатқызған. Не деген оңбаған адамдар! – деді сарбаздың апасы Салтанат Тыныштықбай.
35748 әскери бөлімі артиллерия дивизионының командирі Әділет Кенжебеков мұндай болжамды жоққа шығарды.
– Балаларға өзіненөзі басқа тұрып, үндемей сапта тұрады да, бірақ сөйлеп тұрады, бірдеңе деп. Мысалы, «сапқа тұрыңдар» деп айқайлайды. — Өзіменөзі. Сосын өлең айтады. Бәріміз бір сапта тұрғаннан кейін белгіленген тәртіп бар. Ол тәртіпке бағынамыз. Ол тәртіпке бағынбай, бір теріс қылықтар жасады, – деді ол.