16 қаңтар күні Алматыға Қаңтар оқиғасы мен тіркелмеген Демпартия жетекшісі Жанболат Мамайдың ісін тергеу бойынша Ұлыбритания парламенттік комиссиясы келді. Бұл туралы белсенді Жанболат Мамайдың жұбайы Инга Иманбай мәлімдеді.
Инга Иманбайдың айтуынша, Ұлыбритания парламенттік комиссиясы Астанаға барып, Қазақстанның лауазымды өкілдерімен кездесуді жоспарлап отыр. Сондай-ақ осы аптада Алматыда Комиссия өкілдері арнайы баспасөз мәслихатын өткізеді.
«Бүгін Алматыға Қаңтар оқиғасын және Жанболат Мамайды қылмыстық қудалау ісін тергеу бойынша Ұлыбритания Лордтар палатасының мүшесі Кен Макдональд (Lord Macdonald KT KC of River Glaven) бастаған Комиссия өкілдері келді. Комиссия құрамында халықаралық құқықтық көмек көрсету компаниясы Bindmans LLP жетекшісі Тайаб Али мен басқа да арнайы мамандар келіп жетті. Бірнеше күннен кейін Алматыға Комиссияның тағы бір мүшесі — Ұлыбритания парламент депутаты сэр Роберт Бакленд те ат басын бұрмақ. Бірнеше күннің ішінде Комиссия мүшелері Қаңтар оқиғасына қатысушылармен, азаптау құрбандарымен, қасіретті күндері туған-туысынан айрылғандармен және бірқатар құқық қорғаушылармен, журналистермен де кездеспек. Сонымен бірге, Комиссия өкілдері қазіргі таңда үй қамақта отырған Жанболат Мамаймен де сөйлесуді жоспарлап отыр», – деп жазды Инга Иманбай Facebook парақшасында.
О чем договорились Казахстан и Япония
«Цифровизация рынка труда: платформу мониторинга рабочих мест внедрили в Казахстане
Президент Казахстана выступил с лекцией в Университете ООН в Токио
Пожарный пост открыли в поселке Терисаккан Кобдинского района
Долгострой достроили. Дольщики отметили это тоем и танцами
Токаев осмотрел Ситуационный центр Токио по чрезвычайным ситуациям
Кравец: В матче с "Динамо" у "Барыса" сработали все компоненты