Бүгін Мәдениет және спорт вице-министрі Нұрғиса Дәуешовтың төрағалығымен Республикалық ономастика комиссиясының отырысы өтті.
Астана қаласындағы жаңа ауданның атын бекіту мәселесі қаралып, комиссия шешіміне сәйкес, «Нұра» атауы бекітілді.
Сондай-ақ ол әлеуметтік желідегі парақшасында Астана қаласындағы бірқатар жаңа көшелерге «Тарихи тұлғалар» тізіміндегі белгілі азаматтардың есімі берілгенін хабарлады.
– Астана қаласы әкімдігінің ұсынысына сәйкес шаһардағы бесінші ауданға «Нұра» атауы беріліп, бірқатар көшелердің және алаңдардың атауы жаңартылды. Олар:
- Біріккен Ұлттар Ұйымы алаңы;
- Әл-Фараби даңғылы;
- Гейдар Алиев көшесі;
- Асқар Забикулин көшесі;
- Әскен Нәбиев көшесі;
- Сырбай Мәуленов көшесі;
- Мәншүк Мәметова көшесі;
- Шапық Шөкин көшесі;
- Санжар Асфендияров көшесі;
- Бердібек Соқпақбаев көшесі;
- Бейбарыс Сұлтан көшесі;
- Мағжан Жұмабаев даңғылы;
- Қарамерген көшесі.
Өткен жылы асқан ерлікпен қаза тапқан Асқар Забикулиннің есімі Астана қаласы Есіл ауданындағы Е 583 көшесіне берілді, – деп жазды ол.
Еске салайық, былтырғы жылы 16 қараша күні елордадағы Момышұлы даңғылында 15 қабатты үйде өрт шығып, бес адам құтқарылған еді.
Өрт сөндірушілердің бірі Асқар Забикулин өмірін қатерге тігіп, тұрғындарды құтқарып қалды. Бірақ өзі қатты күйік салдарынан 20 қараша күні ауруханада көз жұмды. Ерлікпен қаза тапқан азаматтың артында әйелі мен екі баласы қалды.
О чем договорились Казахстан и Япония
«Цифровизация рынка труда: платформу мониторинга рабочих мест внедрили в Казахстане
Президент Казахстана выступил с лекцией в Университете ООН в Токио
Пожарный пост открыли в поселке Терисаккан Кобдинского района
Долгострой достроили. Дольщики отметили это тоем и танцами
Токаев осмотрел Ситуационный центр Токио по чрезвычайным ситуациям
Кравец: В матче с "Динамо" у "Барыса" сработали все компоненты