Мәжіліс депутаты Аманжол Әлтай премьер-министрдің жаңадан тағайындалған орынбасары Алтай Көлгіновке 31 мамыр Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні екенін ескертті, деп хабарлайды Exclusive.kz.
«Оқу-ағарту министрінің бұйрығына сәйкес, орта білім беретін мектептерде соңғы қоңырау салтанаты 31 мамырда өтеді. Алаш арыстарының мұратын жалғастырып, аманатын ұрпақ санасына сіңіруге тиісті министрліктің 31 мамыр күнінің маңызына мән бермегені қандай өкінішті. Арыстарымыздың рухына бір күнді де қимай, апыл-ғұпыл аза тұтқансып, іле-шала той тойлап, думандатып кете беретін болсақ, елдігіміз қайсы?! Сондықтан мектептердегі соңғы қоңырау күнін 30 мамырға не болмаса 1 маусымға ауыстыру керек», – деді депутат мәжілістің жалпы отырысында.
Сонымен қатар, депутат 31 мамыр күні бір минут үнсіздік жариялап, телеарналарда ойын-сауық, шоу-бағдарламалар мен концерттерден бас тартуды ұсынды.
«Олардың орнына өскелең ұрпаққа ел тарихын жақсы түсінуге мүмкіндік беретін мазмұнды бағдарламаларды көрсету керек. Ақпараттық БАҚ-та атаулы күннің тарихи маңыздылығын жан-жақты баяндайтын мақалалар жариялануы тиіс», – деп есептейді депутат.
Предпринимателя оштрафовали за незаконную добычу глины в СКО
Парень с показа Pierre Cardin служит в Нацгвардии
Алматы и Астана сохранили лидерство по числу сделок с жильем
Там, где живут грациозные птицы
Важное значение: эксперт подвел итоги участия Токаева в саммите «БРИКС плюс»
ВИА снова в тренде
От вымогательств до сбыта наркотиков: деятельность 22 преступных групп пресекли в Казахстане
День танкиста: в ВС Казахстана совершенствуют подготовку экипажей с учетом современных условий боя
«Торопыжки» в борьбе за жизнь. Как в Актобе выхаживают самых маленьких пациентов