Белгілі ақын Қонаевты «татар» деген Ерлан Төлеутайды сотқа беретінін айтты

Ақын, «Мәдениет саласының үздігі» Олжас Отар Дінмұхамед Қонаевты «татар» деген дәстүрлі әнші Ерлан Төлеутайды сотқа беретінін айтты, деп хабарлайды Exclusive.kz.

«Ерлан Төлеутайды сотқа беремін!Бір рудың ардақты ақсақалын татар дегені үшін!

Тарихқа баға бере алмайсыз», – деп жазды ақын өзінің Facebook парақшасында.

Айта кетейік, Ерлан Төлеутай Дінмұхамед Қонаев туралы жазба жариялап, қазақтың біртуар ұлы туралы деректер жариялаған еді. Оның бұл жазбасы қоғамда қызу талқыға түсті.

– Ол ешқандай қазақ емес еді. Замандастарының айтуынша, 1940 жылдардан билік баспалдағымен қауырт көтеріле бастаған Қонаев 1949 жылы төлқұжатына өзін қазақ деп жаздырып алған. Бұған дейін ол татар болып келген. Мұны өзінің замандасы әрі ұйғыр мектебінде бірге оқыған кластасы Исмаил Юсупов те, Қонаевтың ауылдасы, кейіннен оппазицияға кетіп Қонаев пен Назарбаевты аяусыз әшкерелегені үшін диссидент атанған Кәрішал Асанов та өз еңбектерінде дәлелдеп жазды, – деді ол.

Коллаж: exclusive.kz

https://t.me/kzexclusive