Ресей президенті Владимир Путин Еуразиялық экономикалық одаққа мүше елдердің басшыларына үндеу жасады, деп хабарлайды Exclusive.kz.
– Біздің арамыздағы тығыз байланыс пандемияға және бірқатар елдердің заңсыз санкцияларды қолдануына байланысты шиеленіскен кедейлік, климаттың өзгеруі, ресурстар тапшылығы, азық-түлік, су, энергия тасымалдаушылар сияқты жаһандық мәселелерге лайықты жауап болды. Одақтың тәуелсіз болуы, өзін-өзі қамтамасыз етуі ЕАЭО елдерімен ынтымақтастыққа ұмтылатын барлық тәуелсіз мемлекеттер үшін қызығушылық тудыратыны анық, – деп жазылған Владимир Путиннің үндеуінде.
Путиннің айтуынша, ресейлік тарап саяси, экономикалық, өнеркәсіптік, қаржылық және технологиялық салаларда интеграцияны одан әрі тереңдетуге ықпал ету үшін қолдан келгеннің бәрін жасайды.
– Мың жылдан астам уақыт бойы біздің халықтар бірге өмір сүріп, географиялық кеңістікті бірлесіп игеріп жатыр. Тарихи тағдырдағы біртұтас түсінік, ғасырлар бойғы экономикалық байланыс, одақ елдері халықтарының мәдени және әлеуметтік қауымдастығын сақтау біздің барлық қызметіміздің табысына кепіл бола алады, – деп атап өтті Ресей президенті.
Айта кетейік, Қазақстан билігі ЕАЭО тек экономикалық интеграцияға бағытталған одақ болып қалуы тиіс деп есептейді.
«Цифровизация рынка труда: платформу мониторинга рабочих мест внедрили в Казахстане
Президент Казахстана выступил с лекцией в Университете ООН в Токио
Пожарный пост открыли в поселке Терисаккан Кобдинского района
Долгострой достроили. Дольщики отметили это тоем и танцами
Токаев осмотрел Ситуационный центр Токио по чрезвычайным ситуациям
Кравец: В матче с "Динамо" у "Барыса" сработали все компоненты
Следственные действия по делу КазТАГ проводятся в строгом соответствии с законом - МВД