Таразда студенттерден пара алған жоғары оқу орнының оқытушысы ұсталды, деп хабарлайды Exclusive.kz Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.
20 қаңтарда Жамбыл облысы полиция департаментінің ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасы қызметкерлерімен жүргізілген арнайы жедел-іздестіру шаралары барысында қаладағы жоғары оқу орынының бірінен 46 жастағы оқытушы қызметтік кабинетінде студенттен 200 мың теңге көлемінде қаржы алу кезінде ұсталды.
– Полиция қызметкерлері аға оқытушының бұған дейін 4-курс студенттерінен үш айлық тәжірибелік сабақтардан және емтиханнан өткізіп беремін деп әрқайсысынан 50 мың теңге көлемінде ақша талап еткендігін анықтады. Ұсталған ер адам кінәсін толық мойындады. Оған қатысты қолхатпен босату туралы бұлтартпау шарасы қолданылды. Аталған дерекке қатысты ҚР ҚК-нің 190-бабы 3-бөлігі 3-тармағымен (Екі немесе одан да көп адамға қатысты жасалған алаяқтық) сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды, – деп жазылған хабарламада.
Предпринимателя оштрафовали за незаконную добычу глины в СКО
Парень с показа Pierre Cardin служит в Нацгвардии
Алматы и Астана сохранили лидерство по числу сделок с жильем
Там, где живут грациозные птицы
Важное значение: эксперт подвел итоги участия Токаева в саммите «БРИКС плюс»
ВИА снова в тренде
От вымогательств до сбыта наркотиков: деятельность 22 преступных групп пресекли в Казахстане
День танкиста: в ВС Казахстана совершенствуют подготовку экипажей с учетом современных условий боя
«Торопыжки» в борьбе за жизнь. Как в Актобе выхаживают самых маленьких пациентов