Мекке мен Мединаға бармақ болған 50 қазақстандық қажы алаяқтықтың құрбаны болды, деп хабарлайды Exclusive.kz ІІМ ресми интернет-ресурсына сілтеме жасай отырып.
– 50-ге жуық қажылар Мекке мен Мединаға жолдама уәде еткен алаяқтардың құрбаны болды. Полиция жәбірленушілердің көп болуы мүмкін екенін жоққа шығармайды, – деп жазылған хабарламада.
26 қаңтар күні Еңбекші аудандық полиция басқармасына алаяқтық фактісі бойынша ерлі-зайыптылар өтініш білдірді.
– Күйеуі мен әйелі Каусар-травел туристік компаниясы Сауд Арабиясына қажылық сапарын ұйымдастыруға уәде бергенін айтты. Бұл үшін ерлі-зайыптылар 1 млн теңге төлеген. Алайда, 13 қаңтар күні ерлі-зайыптыларға уәде етілген авиабилеттер мен визалар берілмеген. Компания директоры қоңырауларға жауап бермеген. Полицияға осындай шағыммен тағы 48 адам жүгінген. Полицияның мәліметінше, алаяқтардың әрекетінен Шымкент пен Алматы тұрғындары зардап шекті. Материалдық шығын шамамен 33 млн теңгені құрады, – деп нақтылады құқық қорғау органдары.
Айта кетейік, ҚР ҚК 190-бабы (Алаяқтық) бойынша қылмыстық іс қозғалды.
О чем договорились Казахстан и Япония
«Цифровизация рынка труда: платформу мониторинга рабочих мест внедрили в Казахстане
Президент Казахстана выступил с лекцией в Университете ООН в Токио
Пожарный пост открыли в поселке Терисаккан Кобдинского района
Долгострой достроили. Дольщики отметили это тоем и танцами
Токаев осмотрел Ситуационный центр Токио по чрезвычайным ситуациям
Кравец: В матче с "Динамо" у "Барыса" сработали все компоненты