Айтыскер ақын, «Алатау» өнер театрының директоры Ринат Зайытов наурыз айында өтетін Мәжіліс сайлауына өзін-өзі ұсынды. Бұл туралы ақын әлеуметтік желідегі парақшасында жазды, деп хабарлайды Exclusive.kz.
– Құжат тапсырылды. Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутатын сайлау бойынша нөмірі үшінші бірмандаттық аумақтық сайлау округінің округтік сайлау комиссиясына бүгін мажоритарлық жүйемен өзімді-өзім Қазақстан Республикасы Парламент депутатына кандидаттыққа ұсындым. Мойындаймын. Оңай келген шешім емес. Ең әуелгі сұрақ қай аймақтан бақ сынайтыным болған. Алдымда екі таңдау болды. 1) Алматы қаласы 2) Абай облысы. Әрине бір қарағар адамға туған жерім үш жұртымның ең көп өкілдері тұратын аймақ. Абай облысы тиімді болатын еді. Бірақ «Ауыл итінің аузы сасық» екенін, бір облысты толық аралауға, әр ауылдан сенімді өкіл, әр участектен бақылаушы т.б ескерсек, оның барлық шығынын өтейтін менде мүмкіндік те, демеуші де жоқ. Оған қоса аймақтарда жергілікті биліктің ықпалы өте үлкен. Сондықтан Алматы, – деді Зайытов.
Айтыскер ақын Алматы қаласын азаттықтың астанасына теңеді. Ақынның Алматы қаласын таңдауында мән бар. Сондай-ақ Зайытов сайлауда демеу болар қазағым бар деп ағынан жарылды.
– Алматы – азаттықтың астанасы. Алматы – рухты қауымның мекені. Ол аз десеңіз, төрт жыл бұрын биліктің кісенінен де жұлып алған осы Алматыдағы ағайын. Демеушім жоқ демеймін. Тілектестерім бар. Қазақ бар! Жаратушыдан кейін сенетінім солар. Тәуекел. Оңай шегінбейтінімді ескертудің қажеті жоқ шығар, – деп жазды ол.
О чем договорились Казахстан и Япония
«Цифровизация рынка труда: платформу мониторинга рабочих мест внедрили в Казахстане
Президент Казахстана выступил с лекцией в Университете ООН в Токио
Пожарный пост открыли в поселке Терисаккан Кобдинского района
Долгострой достроили. Дольщики отметили это тоем и танцами
Токаев осмотрел Ситуационный центр Токио по чрезвычайным ситуациям
Кравец: В матче с "Динамо" у "Барыса" сработали все компоненты