Түркиядағы жер сілкінісі кезінде зардап шеккен қазақстандықтар туралы деректер түскен жоқ. Бұл туралы ҚР СІМ мәлімдеді, деп хабарлайды Exclusive.kz.
– Қазіргі уақытта Түркияның шығысындағы қуатты жер сілкінісіне байланысты Қазақстан азаматтарынан көмек сұрау туралы өтініштер түскен жоқ, – деді ҚР СІМ ресми өкілі Айбек Смадияров.
Смадияров Түркияның төтенше жағдай басқармасымен тұрақты байланыста екенін атап өтті.
– Қазіргі уақытта зардап шеккен немесе қаза тапқан ҚР азаматтары тізімде жоқ. Алайда, құтқару жұмыстары әлі де жалғасып жатқанын есте ұстаған жөн, – деп атап өтті Смадияров.
Айта кетейік, бүгін Түркияда 7,8 балдық жер сілкінісі болды. Дүмпу ошағы Сириямен шекаралас Газиантеп қаласынан 26 шақырым жерде тіркелген. Қаза тапқандар саны 248 адамға жетті. 700 адам жарақат алған.
Предпринимателя оштрафовали за незаконную добычу глины в СКО
Парень с показа Pierre Cardin служит в Нацгвардии
Алматы и Астана сохранили лидерство по числу сделок с жильем
Там, где живут грациозные птицы
Важное значение: эксперт подвел итоги участия Токаева в саммите «БРИКС плюс»
ВИА снова в тренде
От вымогательств до сбыта наркотиков: деятельность 22 преступных групп пресекли в Казахстане
День танкиста: в ВС Казахстана совершенствуют подготовку экипажей с учетом современных условий боя
«Торопыжки» в борьбе за жизнь. Как в Актобе выхаживают самых маленьких пациентов