Бүгін Астана қаласында «AMANAT» партиясының кезектен тыс XXV Съезі өтті. AMANAT партиясы Мәжіліс депутаттығына кандидаттардың тізімін бекітті. Тізімде жалпы саны 119 адам бар, деп хабарлайды Exclusive.kz.
Партиялық тізімдер бойынша – 90 адам. Олардың қатарында Ерлан Қошанов, Асхат Аймағамбетов, Елнұр Бейсембаев, Мұрат Әбенов, Ринат Зайытов, Есентүгел Елеукен, Дидар Смағұлов бар.
– Өткен жыл мемлекетіміз үшін де, халқымыз үшін де ауыр сынақ жылы болды. Қаңтарда ел тағдыры көкпарға түсті. Тәуелсіздігімізге қауіп төнді. Қоғамның тыныштығы, береке-бірлігі нілдей бұзыла жаздады. Таразының бір басында үрей мен күдік, екінші басында үміт пен келешек тұрды. Осындай алмағайып уақытта Мемлекет басшысы бар жауапкершілікті өз мойнына алып, батыл да шұғыл шешімдер қабылдады. Президент халқына, халқы Президентіне арқа сүйеді. Соның арқасында ҮМІТІМІЗ үзілген жоқ, туымыз жығылған жоқ. Ең бастысы, халқымыз таңдаған жолымыздың дұрыстығына көз жеткізді. Президент реформаларының төңірегіне топтасты, – деді «AMANAT» партиясының төрағасы
Ерлан Қошанов.
О чем договорились Казахстан и Япония
«Цифровизация рынка труда: платформу мониторинга рабочих мест внедрили в Казахстане
Президент Казахстана выступил с лекцией в Университете ООН в Токио
Пожарный пост открыли в поселке Терисаккан Кобдинского района
Долгострой достроили. Дольщики отметили это тоем и танцами
Токаев осмотрел Ситуационный центр Токио по чрезвычайным ситуациям
Кравец: В матче с "Динамо" у "Барыса" сработали все компоненты