«Жол жабық»: Сырдария өзені арнасынан асты
Қызылорда облысының Қармақшы ауданында Сырдария өзені арнасынан асты. Осыған байланысты облыстық маңызы бар Жалағаш-Жосалы көлік жолы уақытша жабылды, деп хабарлайды Exclusive.kz Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.
Облыс әкімінің баспасөз қызметінің мәліметінше, су басу аймағында шаруашылықтардың, ғимараттар мен тұрғын үйлердің материалдық құндылықтарына залал келтірілмеген. Зардап шеккендер жоқ.
– Елді мекендерге қауіп төнген жоқ. Қазіргі уақытта мұнда тиісті жұмыстар жүргізілуде, жағдай бақылауда, – деді ведомствоның баспасөз қызметі.
Айта кетейік, қазір Сырдария өзені арқылы облыс аумағына секундына 778 текше метр су келіп түседі.
– Өзендегі мұз құрсауы 25 наурызға дейін толығымен ериді деп күтілуде. Қауіпті учаскелерге жауапты мекемелер бекітіліп, су тасқынына қарсы қажетті материалдар қоры құрылды. Учаскелерді су басу мүмкін болған жағдайда эвакуациялық пункттер құрылды. Мамандар өзеннің жай-күйіне күнделікті мониторинг жүргізеді, – деп толықтырды облыс әкімінің баспасөз қызметі.
Предпринимателя оштрафовали за незаконную добычу глины в СКО
Парень с показа Pierre Cardin служит в Нацгвардии
Алматы и Астана сохранили лидерство по числу сделок с жильем
Там, где живут грациозные птицы
Важное значение: эксперт подвел итоги участия Токаева в саммите «БРИКС плюс»
ВИА снова в тренде
От вымогательств до сбыта наркотиков: деятельность 22 преступных групп пресекли в Казахстане
День танкиста: в ВС Казахстана совершенствуют подготовку экипажей с учетом современных условий боя
«Торопыжки» в борьбе за жизнь. Как в Актобе выхаживают самых маленьких пациентов