YouTube-арналардың бірі Премьер-Министрдің орынбасары, Сауда және интеграция министрі Серік Жұманғаринге Ақтөбеде 10 пәтер сыйға берілгені туралы бейнежазба жариялады. Министр пәтерлерге қатысты түсініктеме берді, деп хабарлайды Exclusive.kz.
Жұманғариннің айтуынша, жылжымайтын мүлік оның отбасына тиесілі. Бұл тұрғын үй кешенін 90-шы жылдары өзі ашқан компания салған.
– Интернет-арна ұсынған ақпарат – жала және фактілерді бұрмалау. Мен мұның көпшілікке жеткенін қалаймын. Егер өмірбаянымды қарасаңыздар, мен 35 жастан кейін мемлекеттік қызметке келгенімді білесіздер. 90-шы жылдар, 2000-шы жылдардың ортасында мен өзім құрған бизнеспен жұмыс істедім. Бұл үйлер менің отбасыма тиесілі, – деді Жұманғарин үкімет кулуарында.
Ол отбасымен, іскерлік қызметімен байланысты барлық мәселелер мемлекеттік қызметке келген сәттен бастап, жыл сайын жарияланатынын айтты. Айта кетейік, бұған дейін «Бәсе» арнасы Жұманғариннің аталған тұрғын үйді пара ретінде алғанын хабарлаған болатын.
Предпринимателя оштрафовали за незаконную добычу глины в СКО
Парень с показа Pierre Cardin служит в Нацгвардии
Алматы и Астана сохранили лидерство по числу сделок с жильем
Там, где живут грациозные птицы
Важное значение: эксперт подвел итоги участия Токаева в саммите «БРИКС плюс»
ВИА снова в тренде
От вымогательств до сбыта наркотиков: деятельность 22 преступных групп пресекли в Казахстане
День танкиста: в ВС Казахстана совершенствуют подготовку экипажей с учетом современных условий боя
«Торопыжки» в борьбе за жизнь. Как в Актобе выхаживают самых маленьких пациентов