ІІМ және ҰҚК ведомствоаралық жедел-тергеу тобы БАҚ өкілдеріне шабуылдар ұйымдастыру дерегі бойынша қылмыстық істі тергеуді жалғастырып жатыр. Ұсталған О.Токарев өзінің кінәсін мойындады және тергеуге көмектесуге келісті, деп хабарлайды Exclusive.kz Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.
Токаревке басқа шетел азаматтары – К.Литвиновтің, С.Шаповаловтың, Б.Демченко мен Я.Малышоктың белсенді көмек көрсеткен.
– Токаревтің өзі ұйымдастырушы және үйлестіруші ретінде, ал топтың басқа қатысушылары – Литвинов, Шаповалов және Демченко рекрутерлер рөлін атқарып, Қазақстан азаматтары арасынан арандатуды тікелей іске асырушыларды, яғни “қабандар” деп аталатын орындаушыларды іздеумен және қылмыстық әрекетке тартумен айналысқан. Сондай-ақ олар ашық ақпараттық дереккөздерден жәбірленушілерге қатысты мәліметтерді жинаған. Мемлекеттік ақпараттық деректерге рұқсаты бар тұлғаларды іздестірген. Токаревпен бірге арандатуларды іске асыру жолдарын (көліктерді өртеу, қауіп төндіру және шабуылдау) әзірлеген. Малышок хакерлік бағытқа жауапты болып (флуд, DDos, бұзу және т.б.), «Orda» және «Elmedia» сайттарына DDos-шабуылдарын өзі ұйымдастырған. «Ulysmedia» редакциясының сайтын бұзған, – деп жазылған хабарламада.
Предпринимателя оштрафовали за незаконную добычу глины в СКО
Парень с показа Pierre Cardin служит в Нацгвардии
Алматы и Астана сохранили лидерство по числу сделок с жильем
Там, где живут грациозные птицы
Важное значение: эксперт подвел итоги участия Токаева в саммите «БРИКС плюс»
ВИА снова в тренде
От вымогательств до сбыта наркотиков: деятельность 22 преступных групп пресекли в Казахстане
День танкиста: в ВС Казахстана совершенствуют подготовку экипажей с учетом современных условий боя
«Торопыжки» в борьбе за жизнь. Как в Актобе выхаживают самых маленьких пациентов