19 сәуір күні Алматыда Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ ұлттық драма театрында «Еңлік-Кебек» пьесасы сахналанды.
Тарихы 18 ғасырдан бастау алатын, ел арасына кең тараған бұл шығарма екі жастың махаббатын жыр етеді. Қойылымның қоюшы-режиссері – Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Әлімбек Оразбеков.
Қойылым екі актёрлік құрамнан тұрады. Сәуегей абызды Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткерлері – Бекжан Тұрыс пен Бақтияр Қожа, Еңлікті – Захира Рахымжан мен Мақпал Қасенова, тобықты батыры Кебекті – Әділет Базарбайұлы мен Ғалым Амангелдіұлы, найман батыры Есенді – Нұрғиса Қуанышбайұлы мен Қасым Демеу, Жапалды – Құрақ Алмат пен Бекет Райымбек сынды актёрлер сомдайды. Премьера халықтың көңілінен шықты.
Қойылым режиссёрі Оразбеков ол заманда жастар арасында теңдік болмағанын және қандай жағдайда да дала заңына естен шығармау керектігін айтты.
Айта кетейік, бұған дейін «Еңлік-Кебек» туындысы үш режиссёрдің сахналауымен үш нұсқада қойылған еді.
О чем договорились Казахстан и Япония
«Цифровизация рынка труда: платформу мониторинга рабочих мест внедрили в Казахстане
Президент Казахстана выступил с лекцией в Университете ООН в Токио
Пожарный пост открыли в поселке Терисаккан Кобдинского района
Долгострой достроили. Дольщики отметили это тоем и танцами
Токаев осмотрел Ситуационный центр Токио по чрезвычайным ситуациям
Кравец: В матче с "Динамо" у "Барыса" сработали все компоненты